Дональд Трамп Қытайдың жаңа мерзімге қайта сайланған басшысы Ши Жинпиңмен телефон арқылы сөйлесіп, оны жуырдағы жеңісімен құттықтады. Өзінің твиттер парақшасына: "Оны Қытайдың патшасы деп атауға болады" деп жазған Америка басшысы қос тарап Солтүстік Корея мәселесі мен екіжақты сауда туралы әңгіме өрбіткенін жеткізді. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттіг жазды.
Дональд Трамптан кейін араға бір сағат салып, Қытай басшысын Солтүстік Кореяның Президенті Ким Жоң Ун құттықтаған.
АҚШ пен Қытайдың мемлекет басшылары осыған дейін шілде айында өткен G20 саммитінде кездескен болатын. Келесі айда Америка Президенті Қытайға ресми сапармен барады.
Қытайдың мемлекеттік басылымдары телефон арқылы әңгіме барысында Ши АҚШ пен Қытай қарым-қатынасының нығаюына мүдделі екендігін білдірді деп жазды. Ал Дональд Трамп Fox Business Network-қа берген сұхбатында Қытай басшысын "Өте жақсы адам" деп атап, екеуінің арасында жақсы қарым-қатынастар орнағанын жеткізген.
Қытай АҚШ-тан кейінгі әлемдегі екінші ең үлкен экономика саналады. Ол -Американың ең ірі сауда серіктесі. Соған қарамастан, қос тараптың қарым-қатынасы соңғы кездері Солтүстік Корея мен Бейжің арасындағы байланыс пен Қытай және Шығыс Азиядағы Американың одақтастары арасындағы территориялық дауларға байланысты күрделенген еді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі