Екі күн бұрын, АҚШ президенті Барак Обама өзінің ең соңғы баспасөз мәслихатында, апта соңында қызметін өткізіп бергеннен кейін де үнсіз қала алмайтынын, Американың «басты құндылықтар» қауіп-қатерге ұшырап жатса пікірін батылдықпен білдіретінін айтты. Ол тек өзінің саяси қызметінен уақытша демалыс алғысы келетінін білдірді. Бұл туралы "The New York Times" басылымында хабарланды.
Обама соңғы баспасөз мәслихатында жаңадан сайланған АҚШ президенті Доналд Трамп өз қызметін өткізіп алғанан кейін, аса маңызды проблемалар туып жатпаса, жалпы ұлттық пікіріне қайтып оралмақ. Ол: « саясат қалыпты жұмыс, ал, менің кейбір пікірлерім біздің ортақ құндылықтарымызға нұқсан келтіруі де мүмкін. Бұл енді ұқсамаған мәселелер мен ұқсамаған уақыттарда жүз беріп жатады. Айырмашылықтар қашанда туылып тұрады», - деді.
Ақүй баспасөз залында журналистермен өткен кездесуінде Обама бір күн бұрын Челси Манниңге (Челси Маннинг) коммутация шешімін бергенін де айтты. Челси Манниң Құрлық армия Барлау бөлімінің сарапшысы қызметін атқарған. 2010 жылы АҚШ әскери және дипломатиялық құпиялықтарын жариялағын үшін бас бостандығынан айырылған. Кей адамдар Обама құпиялықты ашуы мүмкін адамдарға хабар жіберді деп қарайды. Бұған Обама ашық эмоция байқатқан жоқ. Ал Манниң болса жеті жылдай қамақ жазасында болды.
Бұл туралы Обама: «ең әуелі, ол бір мезгіл қатаң жаза мерзімін өтеді, егер бір адам құпия ақпаратты маңызды экспозеция деп тапса, менше ол жазаланбайды деп қараймын. Ол жазасын өтеді және адамдарға сабақ болды», - деген ойын айтты.
Қызметін өткізу жақындаған сайын, оны қолдау рейтингі де артып келеді, тіпті Трамптың қызметін өткізіп алудан бұрын-ақ, оның сегіз жылдық саяси ұстанымына шабуыл жасалды. Демократ париясының он неше мүшесі Трамптың президенттігін ұлықтау рәсіміне қатыспайтын да болды. Обама бұл туралы түсінік беруден бас тартты. Ол: «Мен тек өзімнің кешке қатысатынымды білемін, Мишель де барады», - деп қана айтты. Сөзінің қортындысы ретінде АҚШ-тың 44 реткі президенті Барак Обама: ««Әділет сақталды, мен соған айрықша разымын», - деді.
Еске сала кетейік, Трамптың президенттігін ұлықтау рәсімі бүгін кеште өтеді деп белгіленген.
"The Qazaq Times"