Құрама Штаттар мен Оңтүстік Корея бірлескен әскери оқу-жаттығудың жаңа раундына дайындалуда. Бұл қадам Солтүстік Кореяға тағы бір рет зымыран сынағын жасауға мүмкіндік беруі мүмкін. Яғни, КХДР АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери әрекеттеріне жауап ретінде зымыран сынағын қайталауы ғажап емес. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлаған болатын.

Оңтүстік Кореяның теңіз әскери күштері берген мәліметке қарағанда, осы апта АҚШ пен Оңтүстік Корея арасында бірлескен жаттығу 5 күнге жалғасады. Екі елден 40-тан астам әскери кеме және әуе қосындары жаттығуға қатысады делінген.

Бұл әскери оқу-жаттығу Солтүстік Корея жағынан қатаң сынға тап болды. Өткен сенбі күні Солтүстік Корея үкіметі ресми мәлімдеме жасап:  «Бұл АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ашық соғыс дабылын қағуы, бұл әрекет түбек жағдайын тіпті де шиеленістіреді» деген болатын.

“The Qazaq Times”