Бейсенбіде Дүниежүзілік банк әйелдердің жаңа венчурлық қорын ашты. Әйелдерің Дүниежүзілік Венчурлық қорын құру туралы ұсынысты АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп ортаға қойған болатын. Аталған қорды құрудағы мақсат әйел кәсіпкерлер мен шағын бизнес өкілдерін 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қаржымен қамдау. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Әйел кәсіпкерлерінің қаржы бастамасы сәрсенбіде ресми нормативтік базаны қабылдады. Қордың жариялаған мәліметінде, ұсыныстың бірінші раунды кезінде қаржыландыруға 150 миллион доллар қаржы беруден басталады. Алғашқы қаржыландыру өтініштері 15 желтоқсанға дейін қабылданады.
Қор туралы пікір білдірген Иванка Трамп: «Жаңа қор жұмыс істей бастады. Ол жаһандық кәсіпкерлікті қолдауға және әйел кәсіпкерлердің өсуі мен табыстарының артуына кедергілерді жою үшін жұмыс істейді. Бұл мақсаттарға жету үшін Дүниежүзілік банкпен бірге жұмыс істеуді жалғастырмақ», – деді.