NBC News арнасының хабарына қарағанда, АҚШ президенті Дональд Трамптың аға кеңесшілері Конгреске Иран ядролық келісімі туралы соңғы шешімді жолдаған. Айталық, АҚШ Конгресіне алдағы уақытта Иран ядролық келісімін қайта қарау туралы заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныс жасаған.

«Уашингтон пост», IRNA ақпараттық агенттіктерінің хабарында көпке созылған жедел қайта қарау ісі аяқталғаннан кейін, Трамп үкіметі ақыры шешім шығарды. Шешім Трамптың аталған келісімге қаратқан көзқарасында қалған. Яғни, АҚШ тарабы Иранды 2015 жылғы келісімді толық орындағанын мойындамаған. Сондықтан алдағы уақытта Иран ядролық келісімін қайта қарау туралы жаңа заң жобасын шығармақ.

Хабарда Трамп үкіметі Иран келісімінің күшін жою мерзіміне қатты шүйліккен. Келісім шарттарында алты жақ қол қойған келісім толықтай орындалғаннан кейін 10 жылдан кейін күшін жояды. Алайда, АҚШ билігі бұл мерзімді қайталай талқыға салуды ұсыныс етуге тырысуда.

Иранның «Парс-ақпарат» агенттігі бұл туралы жедел хабар таратты, әрі «Ортақ қадам» келісімі (Иран ядролық келісімі) – халықаралық келісім. Оны АҚШ-тың біржақты бұрмалауына құқығы жоқ», – деп сын айтты.

NBC News арнасының хабарында АҚШ үкіметі Иранның әскери нысандарын бақылауға алып, баллистикалық зымырандарына шектеу қоюға тырысатыны туралы айтылады. Екі ел арасында қайшылық қазір өңірдегі ең өзекті тақырыпқа айналуда.

“The Qazaq Times”