Астанада Сүрия дағдарысын шешу туралы отырыс өткізуге талпыныстар жасалып жатқан кезде, ақпарат құралдары АҚШ үкіметінің Сүрия президенті Башар Асад үкіметіне қарсы топтарға әскери көмек арттырып жатқаны туралы хабарлады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың «USA Today» газеті сейсенбі күні: «АҚШ-тың Сүрияның Ракка қаласындағы Башар Асад үкіметінің қарсыластары мен қарулы күштерге жаңа әскери көмек жіберіледі»,- деп жазды. Жаңа қарулар Сүрия үкіметінің қарулы қарсыластарына әуе арқылы жіберілетін болды.
Сүриядағы Джебхат ан-Носрат тобының басшыларының бірі АҚШ-тың осы тәкфіршіл топқа қару жіберетінін мәлімдеді.
Әртүрлі ақпарат көздері Алеппода лаңкестер жеңілген соң, Джебхат ан-Носрат тобының ықтиярында болған америкалық қару қорларының табылғаны туралы хабарлады.
"The Qazaq Times"















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес