«Вади-эль-Гедид провинциясының оңтүстік-батысында (Египетте) орын алған шабуыл барысында сегіз полиция қызметкерлері қаза тапты» деп хабарлайды bbc.com.
Елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, оқиға орнында полиция қызметкерлерімен қарулы қақтығыс кезінде, шабуыл жасаушы екі адам өлтірілген.
2013 жылдан бері Египетте жүздеген солдаттар мен полиция қызметкерлері қаза тапқан. Шабуылды жиһадшылар жасаған. Шабуыл алаңы – Израил шекарасы мен Газа секторына жақын орналасқан, Синай түбегінің солтүстігі. Сонымен қатар, бұндай қақтығыстар Ливия өңірінде жиі болады. Ал бұл жер тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ) деп аталатын топтың белсенді жұмыс жасайтын орны екені белгілі.
Осы 8 адамның өлімін ИМ өз мойнына алатын болды. Сондай-ақ, Каирдегі Әулие Марк шіркеуінде болған жарылыс салдарынан 28 адам өмірімен қоштасқан. Оны да ИМ өз мойнына алған.
"The Qazaq Times"