Украина Ресейді теңіз ресурстарын ұрлайды деп Гаагадағы БҰҰ-ның Халықаралық сотына арыз жазғды. Бұл туралы BBC.com хабарлайды. Олар (Ураиналықтар) «терроризм актілерін жасады және Украинаға қарсы заңсыз агрессия таныты» деп Мәскеуді айыптайды.
БҰҰ сайтында мына бөлімдер көрсетілген:
- БҰҰ Қырымдағы адам құқығының бұзуылуы туралы қаулы қабылдады;
- Гаага соты: Қырым аннексиясы қарулы қақтығыс тудырды.
- МН17 ыдырағаны туралы баяндама жарияланды. Салдары не болмақ?
Украина органдарының айтуынша, Россия бірінші конвенцияны бұзып отыр. Себебі, Украина территоиясында жұмыс жасайтын заңсыз топтарға қару-жарақ және өзге де заттарды ұсынған көрінеді. Сыртқы істер министрлігіне арыз жазуды Украина президенті Петр Порошенко тапсырған.
2014 жылдың наурыз айынан, Қырым Ресейдің әскери референдумына сәйкес құрамына қосылған. Оның заңдылығын Украина да, БҰҰ ұйымы да мойындай алмаған. Жақында болған Украинаның шығыс өңірінде болған қақтығыс Ресейге қарсы санкция жариялауға себепкер болды.
Алайда Ресей Украинаның шығысындағы қарулы қақтығысқа қатысы бар деген айыптың негізсіз екендігін жеткізіп отыр.
«The Qazaq Times»