Америка Құрама Штатында президент Трамптың өкілеттілігіне бір жыл толмай жатып, келесі президент сайлауына дайындық жұмыстары басталып кетті. Жақында АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның сауалнама жөніндегі сарапшысы Дуглас Шоен пікір білдіріп, "бұрынғы «Бірінші ханым» Мишель Обаманың Демократиялық партия атынан 2020 жылғы жалпыға бірдей сайлауға қатысуға құқығы бар" екенін айтты. Ол сондай-ақ, Құрама Штатта Демократтардың Ақ үйге деген ұмтылысы жеткілікті емес екенін «Capitol Hill» бағанында жазған болатын. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазды.

Шоеннің пікірінше, Трамппен президенттікке бәсекелестік кезінде, өзге демократтарға қарағанда Мишель ханым болашақ көшбасшыға ең лайықты тұлға. «Gallup» сауалнамасының деректері бойынша осы жылдың қаңтарында, Мишельдің Ақ үйден қолдау көрсеткіші 68% болған. Ал, сол кезде вице-президент Жо Байденнің көрсеткіші 61 пайыз, президент Барак Обаманың көрсеткіші 58 пайыз ғана болып еді. "Хиллари Клинтон бірінші ханым болып тұрған уақытында Ақ үйден 56 пайыз қолдау алған еді, осыларға қарап Мишель Обаманың келесі сайлауда президенті Трампқа басты қарсылас болатынын болжауға болады", - дейді Дуглас Шоен.

Шоеннің сөзіне сенер болсақ, Демократтар сайлау кезінде Республикашыл топқа қарағанда көптеген кедергілерге тап болады. Ең үлкен қатерлердің бірі – партия ішіндегі айтарлықтай айырмашылықтар. Қазір Құрама Штаттың қарсы партиясы арасында 2020 жылғы сайлауға дайындық жұмыстары басталып кетті.

Дуглас Шоен: «Демократтарға жаңа көшбасшылар қажет емес. Керісінше, біздің экономикамызды дамытуға бағытталған және дәстүрлі саяси партиялардың құндылығын арттыруға бағытталған жаңа саяси күн тәртібі қажет», – деген пікір білдірді. Демократиялық партияның басты қызметкерінің бірі Марк Расри «The New York Times» басылымында: «Бір ғана Трампқа қарсы тұру үшін емес, Демократтар өздері қалаған нәрселер туралы нақты сигнал беруі керек», – деген пікірін білдірді.

“The Qazaq Times”