Қытай Үкіметі Тайваньдағы демократиялық принциптерді жақтаушы қоғам белсендісі Ли Мин Ченды әлеуметтік желі топтарында "көппартиялық жүйені" насихаттап, мемлекеттік билікке қауіп төндіргені үшін айыптап, сот алдында жауапқа тартты. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Тайваньдағы адам құқықтары жөніндегі қоғам белсендісі осы жылдың наурыз айында Қытайға сапар шегіп, қайтып оралмаған. Оны аласұра іздеген жақындары оның хабарын 29 наурызда Қытай Үкіметі ресми түрде Ли Мин Ченің айыпталып, қамауда отырғанын мәлімдегеннен кейін білді.
Сотта Ли Мин Чені айыптаған прокурордың айтуы бойынша, қоғам белсендісі QQ хабарлама алмасу қосымшасында 2 мыңға жуық оқырманы бар топта Қытайда көппартиялық жүйе орнату туралы пікірлер жазып, мемлекетке қарсы ойларды насихаттаған.
Ли Мин Ченің жақындары оның Қытайда достары көп болғанын және олардың арасында Қытай-Тайвань қарым-қатынастары мен қазіргі мәселелері жөнінде ой алмасқандарын, бірақ Қытай мемлекеттілігіне нұқсан келтіретін ешқандай әрекетке бармағанын айтады.
Айта кетейік, Қытай тек "көппартиялы жүйені" насихаттаған өз азаматтарын ғана жазаға тартып отырған жоқ. Бұған дейін Қытайдағы этникалық қазақтарды да қудалап, "ислам дінін насихаттады" деген желеумен халыққа қысым көрсеткен еді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер