Жақында Ұлыбританияның «Savills» компаниясы әлемдегі жылжымайтын мүлікті тізімге алып, бағалау қорытындысын шығарды. Ресейлік «Спутник», қытайлық «Шинлаң» агенттіктері бүгін бұл көрсеткішті сайттарында жария етті.
Аталған компания есепке алған әлемдегі барлық жылжымайтын мүліктің жалпы құны 200 триллион АҚШ долларына жеткен. Бұл жылжымайтын мүліктің 84 пайызы азаматтық тұрғын үйдің құны болып табылады. Екінші орында коммерциялық тұрғын үй құны тұрады.
Әлемдегі барлық жылжымайтын мүліктің 70 пайызы, алдынғы он елге топтасқан. Бұл он елдің алдын жылжымайтын мүлігі 42,7 триллион долларды құрайтын Қытай бастап тұр. Екінші орынды Америка Құрама Штаттары иелеген. Тізімде ретімен Жапония, Ұлыбритания, Үндістан, Германия, Франция, Бразилия, Аустралия қатарлы елдердің аты бар. Ресей тізімде оныншы орынға жайғасқан.
Ұлыбританияның «Savills» компаниясы 1855 жылы құрылған. Бұл компания жылжымайтын мүлік секторындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі