АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама өзінен кейін Құрама Штаттарға президент болып келген Дональд Трампқа Ақ үйдегі кеңсесін босатып берер алдында, президент үстеліне бір парша хат қалдырған. Бұл хатты осыдан екі күн бұрын CNN арнасы жария етті, деп жазды «Шинхуа»-ның ресми сайты.

Хат мазмұны былай деп басталған: «Қадірлі президент мырза! Сізді сайлаудағы тамаша жетістігіңізбен құттықтаймын! Миллиондаған адамдар сізге үміт артуда. Біз барлық жекелер, ұқсамаған партияларға қарамастан, сіздің басқаруыңызда елдің гүлденуі мен қауіпсіздік нығая түседі деп үміттенеміз».

Сонымен бірге бұрынғы президент Обама, АҚШ президенті болудың бірегей міндет екенін қадағалай айтқан. Ол сөзінде бұл міндетте отырып табысқа жетудің анық кепілдігі болмаса да, Трампқа белгілі бір маңызды кеңестер бере алатынын да атап өткен.

Обама хатында: «Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасағымыз келеді. Әрбір адам балалары мен отбасын табысқа бастау үшін күш сала жұмыс істеуге дайын», – дей келіп, халықаралық саясатта Трампқа АҚШ-тың «байлығы мен қауіпсіздігі» және «іс-әрекеттер мен парадигмаға» тәуелді халықаралық тәртіпті қолдауын ескерткен.

Обама өзінің Трампқа қалдырған бір парша хатында: Біз бәріміз Ақ үйдің келімді-кетімді қонағымыз. Саяси ахуал күн сайын өзгеріп отырады. Демократиялық жүйені және дәстүрді қорғау керек. Бұл жүйелер, кем дегенде, біз оларды орнатқан кездегідей қатты болуы керек», – деген кеңес берген.

Хат соңында Обама Трампқа: «Қызмет пен қимылдардан бос уақытыңызда отбасындағылар мен достарыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Олар сізбен ең қиын уақыттарды бөлісе алады», – деген әрі қызметіне сәттілік тілеп, өзінің Мишельмен бірге барлық кезде қолдан келген көмегін көрсетуге әзір екенін білдірген.

Қаңтар айында президент кеңсесіне кірген Трамп өзіне қалдырған Обаманың осы бір парша хатынан қатты әсерленген. Сол кезде ол ақпарат құралдарына хатты оқып болып, әсерленгені сонша, Обамаға қоңырау шалғанын айтқан еді. Бірақ хат мазмұнын жарияламаған. Ол туралы Обаманың өкілі де түсініктеме беруден бас тартқан болатын.

Британдық «Гардиан» хабарлауынша, өзінен кейінгі президентке хат қалдыру Америка Құрама Штаттарының президенттерінде дәстүрге айналған. 2009 жылы Жордж Буш Обамаға осындай бір хат қалдырған. Президент Буш хатында: «Сіз әрқашан сынап көруіңіз керек болған кезде сынға ұшырауыңыз мүмкін, сіздің одақтасыңыз сізге кедергі жасауы да мүмкін. Бірақ ... отбасыңыз сізді жақсы көреді. Сізбен қоса мемлекетті де қолдайды. Мейлі қалай болса да, сіз басқаратын жанашыр және сапалы адамдар сізді шабыттандырады», – деп жазған болатын.

Ал, 2001 жылы Билл Клинтонның Джордж Бушқа жолдаған «ескертуі» қызметтен босаған президенттің жұмысының оптимистік бір көрінісі еді. «Сіздің қазіргі тапсырып алған міндетіңіздің ауыртпалығы зор. Бірақ бұл көбінесе шамадан тыс және сіз ойлаған қуаныштың өзі түсініксіз болуы мүмкін», – деген еді.

Бұдан сегіз жыл бұрын бұл хатты тапсырып алған кіші Буштың әкесі үлкен Буш Клинтонға: «Сенің жетістігің қазіргі елдің жетістігі. Мен саған шабыт бере аламын. Саған сәттілік тілеймін», – деген хатты қалдырған екен.

“The Qazaq Times”