АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон 27 шілдеде (Астана уақытымен 28 шілде таңертең) «Fox News» арнасына берген сұхбатында Виржиния штатындағы Шарлоттсвилдегі нәсілдік зорлық-зомбылық туралы Президент Трамптың сөзіне қатысты тоқталды. Ол: «Президенттің сөзі тек өзіне ғана өкілдік ете алады», – деді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Тиллерсон сұхбатта жүргізуші Уоллес ханымға: «Америка Құрама Штаттары еркіндікті қорғауға ұмтылады. Әлемдегі адамдардың теңдігі үшін күресеміз. Америкалықтардың осы құндылықтарына ешкім де күмәндана алмайды», – деді. Алайда, Уоллес ханым қайыра сұрақ қойып: «Олай болса президенттің бағалауын қалай түсінеміз?», – деген сөзіне Тиллерсон: «Президенттің сөзі тек өзіне ғана өкілдік етеді», – деді.
Осы сөзден кейін Құрама Штаттың ақпарат құралдары іліп әкетіп, Шарлотсвиллдегі оқиғаға Трамптың шынын да байланысы бар деген болжамдарды айтып салды. Ал, Тиллерсонның сөзінше, Трамптың сөзі өзіне ғана өкілдік етіп, АҚШ үкіметінің позициясы болып табылмайды екен. Даудың басы Трамптың нәсілшілдік оқиғасында ақ нәсілділердің өктемдігін айыптамағанынан басталып еді.