Ирак үкімет армиясының әскерлері 25 тамыз күні Мосул қаласына жақын маңнан екі шоғырлы қабірлерді тапқанын жария етті. Бұл қабірлерден экстремистер сынақ үшін өлтірген 500-ден астам адамның мәйіті табылған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Ирактың Бірлескен операциялық қолбасшылығы жасаған мәлімдемесінде, 25 тамызда үкімет әскерлері Мосулдың батыс маңынан байқаған қабірлерде 470 адамның бүтін денесі мен 30-дан аса бөлшектелген дене мүшелері табылған. Тексере келе бұл «Ислам мемлекеті» содырлары өлтірген және тәжірибе жасаған адамдарының мәйіттері» деп анықталған.
Мосул қаласы - Ирактың екінші үлкен қаласы. Орталық қала Бағдаттан 400 шақырым қашықтыққа орналасқан. Онда Ирақтағы екінші үлкен түрме саналатын Бедз түрмесі орналасқан. 2014 жылы маусым айында Мосул қаласы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы жағынан басып алынды. Содан бастап бұл қала Ирактағы аталған террорлық ұйымның бас-штаб пәтеріне айналды. 2016 жылдың қазан айынан бастап Ирак үкіметі АҚШ әуе күштерінің қолдауына сүйене отырып, Мосулды қайтарып алу шайқасын бастады. Биылғы жылдың 10 шілдесі күні Ирак премьер-министрі әл-Абади Мосулдың азат болғанын ресми түрде жария етті.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр