Google компаниясы «депрессия» сөзін көбірек терген пайдаланушыларына, арнайы «депрессиядан құтылу» тесттерін дайындап жатыр, деп хабарлайды BBC-дің онлайн қызметі.
Бұл жоспарды Google компаниясы мен АҚШ-тың психикалық ауруларға қарсы ұлттық альянсы бірлесіп жүзеге асырмақ. Жобаның мақсаты пайдаланушылардың түңілушілдікке шалдыққан, шалдықпағанын білуіне және уақытында емделуіне көмектесуге бағытталмақ. Алайда мұндай жәрдем қазірше АҚШ-тағы пайдаланушыларға ғана қолжетімді.
Жоба бойынша, Google-дан «депрессия» сөзін іздеушілерге Google тарабынан оның жағдайын анықтау үшін бірнеше сұраулар қойылады. Алайда, АҚШ-тың Психикалық ауырулар жөніндегі Ұлттық альянсының мамандары бұл сауалнамалар дәрігерлердің диагноз қоюына көмектесе алмауы мүмкін деп ескертті. Ал «депрессия тест» жауаптары мамандар белгілеген жауаптарға сәйкес келер болса, бірден пайдаланушыға дәрігерге қаралуына кеңес берілетін болады.
Кез-келген пайдаланушы аталған тестке кіріп өзін тексерістен өткізе алады. Одан кейін арнаулы дәрігерлердің көмегі керек пе, жоқ па – оны тест жауабы көрсетіп береді.
Британдық психотерапевт Арон Баликтннің (Aaron Baliktin) пікірінше, мұндай онлайн-тест клиникалық депрессияға шалдыққан адамдарға көмек бере алмайды. Ол түңілушілдікке шалдығушыларға көмектесу үшін тікелей байланыс орнату ең тиімдірек деп қарайды.