Иран Қорғаныс министрлігі мемлекетке қаратылған санкцияларға қарамастан, ядролық зымыран бағдарламаларын үздіксіз жалғастыратынын жеткізді. Бұл туралы Иран Қорғаныс министрі өзінің мәлімдемесінде айтып өтті. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазады.
Иран Қорғаныс министрлігінің басшысы Амир Хатами жаңа үкіметтің алғашқы кабинет жиналысы аяқталу алдында, Қорғаныс саласының алдағы жоспарлары мен стратегиялық бағыттары туралы жасаған мәлімдемесінде, Иранға бағытталған санкцияларға қарамастан, ядролық зымыран бағдарламасын үздіксіз жалғастыратынын мәлім етті.
«Иранның зымыран бағдарламаларын тоқтатуға бағытталатын қандай да бір кедергілерге, санкциялар да біздің зымыран бағдарламаларын дамытуға тұсау бола алмайды», – деді Хатами. Ол және: «Иранның зымыран бағдарламасы бекітілген бағдарлама негізінде жалғасын табатын болады. Ядролық зымыран бағдарламасы тоқтаусыз жалғасады», – деп кесімді сөзін айтты ол. Бұл Иран жақтың осыдан бұрын АҚШ-тың Иранға жасаған санкция шешіміне берген жауабы деуге болады.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі