Солтүстік Корея Қорғаныс күштері 22 тамыз күні мәлімдеме жасап, АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуы, Корей түбегінің шиеленісін күшейту үшін жасалып отырған арандатушылық әрекеті деп айыптады. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігіне сілтеме жасай отырып қытайлық «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Солтүстік Корея мәлімдемесінде "әскери жаттығудың келтірген зардаптарына АҚШ қарулы күштері толықтай жауапкер болуы керек" делінген. КХДР Халық армиясының өкілдері берген мәліметтерге қарғанда, Америка Құрама Штаттары мен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуларына 17 мың 500-ден астам америкалық, 50 мыңнан астам кореялық әскер қатысқан. Оқу-жаттығуға АҚШ-тың Тынық мұхит әскери базасындағы қару-жарақтар тартылған. Солтүстік Кореяның қорғаныс күштерінің мәліметіне қарағанда, бұл әрекеті Корей түбегінде соғыс атмосферасын қалыптастырғанмен бірдей екен.
Корей түбегінің қазіргі жағдайында әскери шиеленістер күрт артып кетуі бек мүмкін. Түбектегі осы үлкен күштердің нақты операцияларға бірден өтіп кетпеуіне ешкім де кепілдік бере алмайды. Солтүстік Корея мәлімдемешісі сөзінде: «Іргедегі мұндай күшті әскери қимылды елемей қою мүмкін емес. Құрама Штаттар мен Оңтүстік Корея әскери жаттығулары жыл сайын қорғаныстық сипатта екенін айтады. Сонымен бірге «5015 жауынгерлік жоспарына» негізделген, «Шабуылдан қорғану» және «жасырын жауынгерлік» жаттығуларға назар аудару қатарлылары бар. Ең бастысы олар Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарына қарсы қорғану жаттығуларымен айналысуда. Ал жаттығудан кейін, АҚШ Сенатының Төрағасы, АҚШ-тың Тынық мұхиты командирі және АҚШ-тың басқа әскери басшылары Кореяға барады. Міне осылардың бәрі Корей түбегі мәселесін ауырлата түседі», – деді.
Пиоңяң (Пхеньян) жақтың айтуынша, Солтүстік Корея әскерлері АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әр қадамына ерекше назар аударады. Себебі, Бұл КХДР-ның қауіпсіздігіне тікелей қатерлі әрекеттер. Солтүстік Корея "әскери әрекетке шешім қабылдамас үшін АҚШ Корей түбегіндегі әскери барлық қадамдарын тоқтатуы керек" деп қарайды.