Үндістанда 169 McDonald's мейрамханасы жабылады. Бұл туралы компания өкілдері франшизаның жергілікті операторымен болған сот процесінен кейін мәлімдеді. 

Әлемге танымал фаст-фудтың Үндістандағы өкілдігі Connaught Plaza Restaurant Ltd (CPRL) операторының келісімшартты бұзып, төлемдерді уақытылы өткізбегені үшін мейрамханалар желісі өз қызметін тоқтататынын хабарлады.

Үндістанның солтүстігі мен шығысындағы мейрамханалар жабылғанымен, оңтүстік пен батыс бөлікте орналасқан басқа операторға қарайтын өзге McDonald's-тар қызметін жалғастыра береді.

Маусым айында McDonald's компаниясы қоғамдық тамақтандыру мекемесіне берілетін лицензияны ұзарта алмағаны үшін Нью-Делидегі 40-қа жуық мейрамхананы жауып тастаған болатын.

1,25 млрд халқы бар Үндістан шетелдік трансұлттық корпорациялар үшін тартымды нарық. Дегенмен шетелдік компанияларға жергілікті операторлармен жұмыс істеуге және бірқатар бюрократиялық қиындықтармен ұшырасуға тура келеді. Әлемдік брендке айналған сауда белгілері Үндістан экономикасына тек 1990 жылдары, экономика ашықтық саясатын ұстана бастаған тұста ғана келе бастады.

Айта кетейік, миллиардтан аса халқы бар мемлекетте жабылған  McDonald's-тың біздің елде жұмыс істеп жатқанына екі жылдан асты.

“The Qazaq Times”