Ақ үйдің ресми мәлімдемешісі Саундерс АҚШ жергілікті уақытымен 18 шілде күні жасаған мәлімдемесінде Ақ үйдің бас стратегі, президенттің стратегиялық Бас кеңесші Стивен Бэннон жұмыстан кеткенін хабарлады. Бұл туралы «Шинхуа» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазды.
Бэннон 2016 жылы тамыз айында, Трамптың президенттікке сайлануына жауапты команданың көшбасшысы болып, Трамптың президент тағына отыруына көмектескен басты кейіпкерлердің бірі болған еді. Трамп президент болып сайланғаннан кейін Ақ үйдің стратегия жөніндегі бас кеңесшісі, президенттің жоғары кеңесшісі қызметіне тағайындалған. Сонымен бірге, Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінде «бас комитет» мүшесі болған.
«Баламалы құқық» пен оның популистік саяси және экономикалық талаптарымен ұзақ мерзімді тығыз байланыстарға орай, Бэннон Құрама Штаттың үкіметі пен халқы арасындағы стратегиялық бағыттарда, Республикалық партияны қамтыған қайшылықты қалыптастырып алды деуге болады.
Соңғы бірнеше айда, АҚШ-тың БАҚ-тарында Ақ үйдің жасырын тірестері туралы жиі айтылған еді. Стивен Бэннон және Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі мен Ақ үйдің шиеленісіндегі басқа да жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы қайшылықтар да бар.
Соңғы жарты жылда Ақ үйдің кадрлар сапы жиі өзгерістерге ұшырады. Осы жылдың қаңтар айында Тармп Америка Құрама Штаттарының президенті болғаннан тартып, Ақ үйден бірқатар қызметкерлер жұмыстан босатылды. Кейбір талдаушылар пікірінше, Трамп – білікті кәсіпкер, режимнің құрылымы негізінен үш санатқа жатады: «Wall Street» инвестициялық банкі «Goldman Sachs»-қа ауыстырылды; АҚШ әскерилері «қарт сарбазға» тапсырылды; Трамп отбасы мүшелері белсене араласты, олардың арасында мүдделері толықтай келісімге жетпеген, нәтижесінде осындай айырмашылықтар пайда болды. Трамптың өзі де бұған қарсы, алайда ол үкіметтің бастапқы қызметкерлеріне сене бермейді. Сондықтан оның тісқақты саясаткерлермен жұмыс істеуі қиынға түсіп отыр деп қарайды.
Трамп жасақтаған кадрлары да Ақ үйдің берекесін сақтай алмай отыр. Жарты жылдан бері Ақ үйдегі кадр алмасу ісі АҚШ тарихына жазылары анық. Жақында ғана Пентагон мен Ақ үй арасында да пікір қайшылығы туындады. Дегенмен осылардың ірімей отыруына Рекс Тиллерсонның еңбегі зор. Ол Ақ үй мен Құрама Штаттың өзге орындарын жалғаудағы маңызды тұлғаға айналып келеді.