Мәскеу қаласында үлкен өрт болды. Мәскеу Төтенше жағдайлар департаментінің хабарына қарағанда 17 тамызға қараған күні кеште туындаған өрт қаланың 15 мың шаршы метр аумағын шарпыған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлап отыр.
«Спутник» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, өрт Мәскеу қаласының солтүстігіндегі бояу өндіретін кәсіпорынның бір қоймасынан шыққан. Сондағы жиһаздар мен бояулардан шыққан өрт, әп-сәтте тұтас қойманы жалынға орап, маңындағы ғимараттарды да шарпыған.
Жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті 80-нен аса өрт сөндіруші және өзге техникалық көмек көрсетуге 30-дан аса адамды жұмылдырған. Өрт сөндіруші көліктермен қоса екі тік ұшақты да апатты жағдайды біржақты етуге жұмсаған. Әзірге дейін, зардап шеккендер мен заттық шығындар туралы нақты мәліметтер таратылмаған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі