Солтүстік Корея ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын/Kim Jong Un) елдің орталық қаласы Пиоңяңда (Пхеньян/Pyongyang) әскерилерімен болған отырыста, кез-келген уақытта зымыран шабуылға дайын болуға бұйырды. Бұл туралы КХДР Орталық ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, «Шинхуа»-ның ресми сайты хабарлайды.
Ким Жоң Ун сейсенбі күні таңертең Гуам аралына зымыран шабуылын күшінен қалдырғаннан кейін, әскерилермен болған отырысында: «АҚШ Солтүстік Кореямен соғысудың алдын алу КХДР-ға қаратқан көзқарасы мен саясатын дұрыс бағытқа алып жүруі керек», – деді. Сонымен бірге барлық бөлімдегі әскери қолбасшылардың кез-келген уақытта соғысқа дайын болуын ескертті.
Екі елдің арасындағы «ауызша соғыс» пен ядролық, қала берді зымыран соғыс қатері 15 тамыздағы Солтүстік Корея басшысының мәлімдемесінен кейін біршама сейіліп қалды. Дегенмен, Корей түбегі қайшылығы толықтай жалғасын тауып отыр. Қазір әр қайсы тарап өз мүддесі мен түбек қайшылығы арасында сыналап жол тауып бағуда. Алып державалар мүддесі түйіскен Корей түбегі қайшылығы Жер бетінде қызыл белгідегі түйткілді нүктесінде тұр.