Ресей 2018 жылы қорғаныс саласының бюджетін қысқартатын болады – деп мәлімеді ел президенті Владимир Путин.

Владимир Путин «Единая Россия» партиясының басшысы Владимир Васильевпен кездесуінде: «Біз мемлекеттік қорғаныс саласының барлық тапсырыстарын жаңа бағдарлама бойынша орындайтын боламыз. Бірақ бұл жерде қорғаныс саласының бюджетін өткен жылмен салыстырғанда бірқатар қысқартулар күтіп тұр. Биыл мемлекеттік дума депутаттарын 2018 жылғы ел бюджетін бекітуде үлкен жұмыстар күтіп тұр» - деген.

Бұдан бөлек Владимир Путин депутаттарға алдағы жылдың бюджетін қарауда қауіпсіздік пен қорғаныс, денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаларға баса назар аудару керектігін айтқан.

“The Qazaq Times”