Германияның ARD-Deutschland Trend компаниясы жасаған "Германиядағы ең жағымды саясаткер" сауалнамасының қортындысы бойынша Германия канцлері Ангела Меркельді қолдайтындар саны азайып кеткені белгілі болды. Бұл туралы "Анатолы" ақпарат агенттігінің ресми сайты хабарлайды.
Бұл реткі кең көлемді жасалған сауалнамада көш бастап тұрған Қаржы министрі Волфганг Шойбле. Ол сауалнама қатысушылардың 64 пайыз дауысын иелеген. Елдің канцлері болса екінші орында да көрінбеді, есесіне, екінші орынды Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль 63 пайыз дауыспен иелеп тұр.
Канцлер Ангела Меркель болса 59 пайызбен сауалнама қортындысында үшінші орында. Осыдан бұрын ұқсас тақырыптағы сауалнамада канцлер Меркель 69 пайызбен көш бастаған болатын. Соңғы бір жылдағы қолданған саясатымен Ангела Меркель германиялықтардың 10 пайыз қолдауынан айырылып қалғаны мәлім болды.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод