Израиль «Әл-Жазира» ақпараттық агенттігінің Иерусалимдегі бөлімшесінің қызметіне тыйым салмақ. Бұл туралы Израильдің байланыс министрі Аюб Кара Иерусалимде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеп, БАҚ өкілдерімен болған кездесуге Әл-Жазираның журналистерін кіргізбеген.
Аюб Кара: «Біз Әл-Жазираның қызметін қолдамаймыз, оны терроризм мен экстремизмге қатысы бар деп тапқан өзге Араб мемлекетерінің қозғалысына қосыламыз», - деді.
Министр Парламенттің қарауына берілген шешім мақұлдануы үшін барлық заңды шараларды жүзеге асырудан аянып қалмайтынын жасырмады.
Өз кезегінде Әл-Жазира өзіне тағылған айыптаулардың негізсіз екенін алға тартып, Израиль министрінің сөзі шындыққа айналса, өз құқықтарын қорғауға дайын екендіктерін жеткізді.
«Әл-Жазира» ақпараттық агенттігінің өкілі: «Біз халықаралық стандарттарға негізделген сапалы және кәсіби ақпарат таратуды жалғастыра береміз», - деп мәлімдеді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы