Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили Польшаға ұшып келді, деп хабарлайды Telewizja Republika басылымы.
Саакашвили Польшада Варшава көтерілісін еске алу шарасына қатысып, Грузия мен Польша қарым-қатынасы жайында, Украина мәселесі жайында сөз сөйлеген.
Михаил Саакашвилидің баспасөз қызметкерлері оның Польшаға құжатсыз қалай келгендігі жайында алдағы күндері мәлімдеме жасайтынын айтқан.
Естеріңізге салайық, шілденің 26-сы күні Украина көші-қон қызметі ел президенті Петр Порошенконың Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан шығарғандығы жайында ақпарат таратқан еді. Кейіннен Саакашвили өзінің Украинаға қайтып оралатынын, сот алдында өзінің құқықтарын қорғап, саяси күресін әрі қарай жалғастыратынын айтып, ғаламторда бейне конференция өткізген болатын.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел