2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда жалпы номиналы миллион теңгені құрайтын жалған ақша жасалған. Одан кейін доллар және еуроның жалған купюралары жасалған.
ҚР Қаржы министрлігі профилактикалық жұмыс және бақылау комитетінің жетекшісі Арман Есембаевтың сөзінше, осы жылдың алты айында экономикалық тергеу қызметімен бірге жалған ақша жасау фактісі бойынша 191 қылмыс тіркелген.
"Есептік кезеңде айналымнан жалпы сомасы 986 600 млн теңгені құрайтын 571 жалған купюра (теңге) шығарылды. Сондай-ақ, жалпы сомасы 1700 доллар болатын 37 жалған доллар купюрасы, 1200 еуро болатын 3 еуро купюрасы және 12 000 рубль болатын 9 жалған ресейлік рубль купюрасы анықталған", - деді Қаржы министрлігінің өкілі.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысында жалған банкноттарды жасаушылар және саудагерлер тобы анықталған. Бұдан бұрын да сотталған азамат принтерде номиналы 5 мың теңгелік түрлі сериядағы банкноттарды жасап шығарған. Жасанды ақшалар Орал және Ақтөбеге тараған.
"Саудалаумен айналысқан топ 5 жылға сотталды, сондай-ақ тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр", - Арман Есембаев.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел