АҚШ жуырда ғана өткен Солтүстік Кореяның қарулы сынағының соңын ала, құрлықаралық баллистикалық зымыранның сынағын өткізді. Калифорниядағы Ванденберг әуе базасында өткізілетін әскери іс-шаралар әдетте бірнеше апта не ай бұрын ескертіліп, арнайы дайындық жасалатын. Бұл жолы АҚШ-тың сыртқы саясатында Солтүстік Кореяның әскери қуатын күрт арттыруына байланысты туындаған алаңдаушылықтар әсер еткен болуы керек, аяқ астынан тағы бір сынақ қолға алынып отыр. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазады.
АҚШ-тың әскери әуе күштерінің командирі: "Бұл сынақ Солтүстік Кореяның әрекетіне жауап болмаса да, зымыранның әлеуетін бағалау АҚШ-тың қаруы қауіпсіз, тиімді және өз мемлекеті мен одақтастарын қорғауға әбден қабілетті екенін көрсетті", - деді.
Түнгі аспанды қақ жарып, Оңтүстік Калифорниядан ұшырылған зымыран Маршалл аралдарындағы Кваджалейн бағытында 4 мың 200 миль ұшып өткен.
Атап өту керек, Солтүстік Кореяның толассыз жүргізіп отырған зымыран сынақтары әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Соңғы өткен ірі екі сынақтың бірі - соғыс қаупі туа қалған жағдайда Корей түбегінен ұшырылған қару Аляскаға, ал екіншісі Нью-Йорк пен Бостон секілді үлкен қалаларды нысанаға алуға қауқарлы екенін дәлелдеді.