АҚШ-тың жергілікті уақытымен 1 тамыз күні таңғы сағат алты мөлшерінде бір азиялық ер адам Қытайдың Лос-Анджелесте орталасқан бас елшілігінде оқ атқан. Ол құралынан 18 тал оқ атып, соңында өзін өзі өлтірген. Бұл туралы Қытайдың «Шинлаң» агенттігінің сайты жазды.
Лос-Аджелес полиция тараулары оқ ату оқиғасынан басқа адамдардың зардап шекпегенін, елшілік алдындағы жолдар жабылып, полицейлер бақылауды күшейткенін, елшіліктің қалыпты жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Бірақ, қазірге дейін оқ атушының мақсаты мен оқ шығару себебі анық емес. Полиция қызметкерлері тексеру-тергеу қызметтерін бастап кеткен.
Лос-Анджелес полиция басқармасы мәлімдемешісінің айтуынша, ату ісі сол жердің уақытымен таңғы сағат 6 шамасында болған. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, оқ атушы 60 жастан асқан, азиялық ер адам. Алайда, оның аты-жөні әлі де жария етілмеді. Бірақ, Лос-Анджелес полициясы департаменті өкілі Майк болса: «Оқ атушы қытайлық хань ұлтының азаматы, біз қазір оның өз-өзін елшілік алдында не себепті оққа ұстағанын анықтаудамыз», - деген.
Бұл істен кейін Лос-Анджелесте тұратын Қытай бас елшілігі сайтында: «Бүгін белгісіз бір жанкешті бас елшілік алдында өзін атып өлтірді. Біз бұл іске алаңдаушылық білдіреміз. АҚШ тарабынан барлық қажетті шараларды қабылдауды талап етеміз. Бас консулдығы кеңсе және дипломатиялық қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуін сұраймыз. Сонымен бірге, мүмкіндігінше істің нақты мән-жайын толықтай анықтап шығуын өтінеміз», – деп жазды.