АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон сейсенбі күні сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Солтүстік Корея режимін құлатуды көздемейтінін айтты. Алайда, бұл өткен айда АҚШ Орталық барлау басқармасының бастығы Майк Помпеоның ескертулеріне қайшы болып шықты. Ол сол кезде Америка Құрама Штатының Ким Жоң Унның тақтан таюын қалайтынын айтқан еді. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон Азия елдеріндегі сапарын бастамас бұрын, Уашингтонда өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік Корея туралы Құрама Штаттың ұстанымын қайталай айтып өтті. Ол сөзінде: «АҚШ Солтүстік Кореяның режимін құлатуды қаламайды. Біздің мақсатымыз КХДР билігін құлату емес. Біз Солтүстік Кореяға АҚШ-тың жау емес екенін, әрі қауіп төндірмейтінін білдіргіміз келеді. Алайда, Солтүстік Корея Құрама Штатқа қауіп төндіретін қауіп-қатерін қабылдауға шарасыз екенін, егер олай болып жатса АҚШ өз жауабын қайтаратынын ескертеміз», – деді.
Тиллерсон бұл ретте Солтүстік Кореямен пікір алмасуға үміткер екенін білдірді. Әрі, Солтүстік Кореяға қысым түсіру үшін және диалог өткізуге негіз қалау үшін де Қытай жақпен селбесе жұмыс істемек. Ол тағы диалогтың алғышартын Солтүстік Корея жақ бастаған кезден-ақ, ядролық қаруға ие Солтүстік Кореяның болашағы жоқ екенін мойындауы керек деп ескертті. Тиллерсон: «Егер КХДР келіссөздер басталғаннан кейін де зымыран сынақтарын жалғастыра береміз десе келіссөз жемісті болмайды», – деді.
Ақүйдің жаңа мәлімдемешісі сейсенбідегі мәлімдемесінде, «АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея мәселесіне кез-келген параметрлерді жоққа шығара алмайды. Оның Солтүстік Кореяға қаратқан позициясы қашанда ашық. Қазір АҚШ парлық параметрлерді өлшеп отыр. Аталған мәселеде біз барлық шараның болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз», – деді.
Ал, Тиллерсон болса Трамптың Қытай туралы пікірлерін жуып шайып: «Солтүстік Корея ядролық мәселесінде АҚШ Қытайды кінәлі деп қарамайды. Алайда, Қытайдың КХДР ядролық мәселесін шешуде бірегей мүмкіндігі бар. Айталық, Солтүстік Кореяның сыртқы саудасының 90 пайызын Қытай иелейді», – деді.
Биыл Солтүстік Корея екі мәрте құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағын өткізді. Сондай-ақ, 2006 жылдан бері 5 рет ядролық қару сынағын жасаған болатын.