Қытай алғаш рет өзінің шетелдегі әскери базасын ашты деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.
Reuters агеттігінің мәліметінше, Қытай Шығыс Африкадағы Джибути әскери базасында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00 туын көтерген. Салтанатты шараға 300-ден астам сарбаз бен Қытай әсери теңіз күштерінің басшысы Тянь Чжун қатысқан.

Фото: News2.ru
Джибути әскери базасы Қытай әскерилерінің Африка мен Батыс Азия елдеріне гуманитарлық көмек көрсетуі мен халықаралық бітімгершілік әскери операцияларға қатысуы үшін салынған. Алдағы уақытта әскери базада 2 мыңнан астам қытайлық сарбаз қызмет жасайтын болады.
Джибути 740 мың халқы бар Шығыс Африка аумағындағы мемлекет. Қазіргі таңда ел аумағында АҚШ, Франция, Жапония елдерінің әскери теңіз күштерінің базалары орналасқан.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер