Қытайдың Сыртқы істер министрі Трамптың айыптауына кескін жауап қайырды. Ол Трамптың Twitter парақшасында Қытайды айыптаған пікіріне жауап берген. Бұл туралы «Шинлаң» сайты хабарлайды.
Естеріңізде болса, бірер күн бұрын Трамп өзінің Твиттер парақшасында Қытай үмітін үзгенін айтып шағынған еді. Ол Қытайдың АҚШ-пен арадағы сауда-саттықтың өзінен миллиардтаған табыс таба отырып, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуда АҚШ-ты қолдамағанына реніш білдірген еді. Кешегі Қытай СІМ өкілінің сөзінде бұл пікірді терістеді.
Қытай СІМ өкілі сөзінде: «Солтүстік Кореяның ядро мәселесін шешу үшін бір Қытай ғана емес, барлық тарап ортақ жұмылуы керек. Солтүстік Корея ядролық бағдарламасы Қытайға қарсы пайда болған жоқ, керісінше АҚШ-тың өңірде жүргізген қате саясаттарының жемісі», – деді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау