Ресей президенті Владимир Путин Ресейде тұратын АҚШ дипломатиялық қызметкерлерін қысқартатынын растады. Екі ел ара қатынасы бүгінде тарихтағы ең бір салқын тұсында тұр. АҚШ Ресейге бағытталған жаңа санкцияны бекіткеннен кейін, оған қарсы жауап ретінде Ресей ел ішіндегі АҚШ дипломатиялық қызметкерлерін қысқартуды белгіледі. Әрі елдің президенті бұл туралы мемлекеттік ресми телеарнада растады. Бұл туралы Би-Би-Си-дің ресми сайты жазды.

Путин телеарнадағы сұхбатында: «Ресей Федерациясында мыңнан астам америкалық дипломатия және жаңа техникалық қызметкерлер жұмыс атқаруда. Олардың 755 қызметкерін қысқарту керек. Бұл дипломатиялық аса сезімтал мәселе», – деді.

Қысқартылатын америкалықтар арасында дипломатия қызметкерлерімен қоса, техникалық қызметкерлер де бар. Қазір Ресейдің жолдаған талаптарын АҚШ билігі талқылап жатыр. Бірақ осыған дейін келісім бермеді. Мәскеудің талабы бойынша 755 америкалықты қысқартып, 455 қызметкерді қалдырмақ. Сол арқылы Ресейдегі АҚШ дипломатиялық қызметкерін, АҚШ-та тұратын ресейлік қызметкерлер санымен бірдей етпек.

Бұл туралы пікір білдірген АҚШ вице-президенті Майкл Пенс: «Біз Ресей жақтың өз мәмілелерін өзгертуінен үміт етеміз», – деді.

“The Qazaq Times”