Трамп үкіметі Иранның атом қуаты туралы халықаралық атом қуаты агенттігіне шағым беріп, Иранның әскери маңызды орталықтарын тексеру туралы өтініш жолдаған. Бұл Ирандағы және АҚШ-та тұратын ирандықтардың наразылығын тудырып, Уашингтон билігін «ортақ қадам» келісімінен шығу үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады. Бұл туралы Associated Press хабарлап отыр.
АҚШ үкіметі жаңа санкция жобасына Ресей, Иран және Солтүстік Корея қатарлы елдерді кіргізіп, аталған үш елге бағытталған сыртқы саясатын өзгертті. Иранға қаратқан санкцияның үстінде, Трамп үкіметі Иранның атом қуатын анықтау мақсатында маңызды әскери базалары мен қолбасшылық орталықтарына тексеру жүргізуді өтініш етіп отыр.
Шығанақ елдері арасында және Орта-Шығыста Иранның ықпал көлемінің артып кетпеуін бас қадағалайтын АҚШ үшін барлық шараларға дайын болып келеді. Иран Ислам революциясынан кейін екі ел арасында орнаған қайшылық, 40 жылдан бері бір толастамай келеді. Егер АҚШ осы өтініші бойынша Иранды әскери жақтан тексеру жасар болса, бұл Орта Шығыстағы болғалы тұрған үлкен саяси толқуды тудырары сөзсіз.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы