АҚШ Конгресі мақұлдап бекіткен Ресейге қаратылған жаңа санкция жобасы, АҚШ президенті Дональд Трампты Мәскеуге қарата қатаң ұстанымға мәжбүрлейді. Олай болмаған күнде Трамп қолдаушылары мен оның ресейшіл командаластары арасында саяси жарылыс туылуы мүмкін деп болжануда. Бұл туралы «The New York Times» басылымы сараптама жасаған болатын.

98 дауыстың қолдауымен, екі дауыстың қарсы шығуымен мақұлданған Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға қаратылған жаңа санкция жобасы АҚШ-тың сыртқы саясатында жаңа өзгерістер алып келгелі тұр. Жаңа заң ережесі бойынша президент Трамп Ресейге бағытталған санкцияны тоқтату құқығы шектелген. Сондықтан да қазіргі кезде Уашингтондағы Трамптың командаластары Ресеймен кооперативті дипломатиялық қатынастар орнатуға тырысады. Осыған дейін Конгреске жаңа жобаны көбірек талқылап, баяу шешім шығаруға тілек білдірген Трамп, ендігі жерде Ресей туралы өзінің де жаңа шешім жасауына тура келді.

Сонымен, қалыптасқан жағдай АҚШ президентін ырықсыз күйде қалдырып қойды. АҚШ Орталық барлау басқармасы болса Ресейді 2016 жылы АҚШ президент сайлау ісіне араласқан деп бір ауыздан жазбай отыр. Трамптың президент тағы үшін еңбек еткен жақтастарынан Федералдық барлау басқармасы тарапынан тергеуге алынып жатқандары тағы бар.

Өткен аптаның соңында Ақүйдің жаңа мәлімдемешісі Конгресс шешімінен кейін Трамп жаңа жобаға қол қоятынын айтқан болатын. Дегенмен, содан бері Трамп үкіметтен түрлі себептермен жалтарып келеді. Ол бұл бағалаудың қайта қаралу керек екенін бірнеше рет айтыпты.

“The Qazaq Times”