Бүгін түстен бұрын «Дүниедегі ең бай адам» тізімі жаңарды. Жаңа тізімде Жефф Безос есімді миллиардер «Ең бай адам тізімінде» Билл Гейтсті артқа тастап кетті. Бұл туралы BBC арнасының сайты хабарлады.
Әлемдегі ең қалталы бай аталған Жефф Безос танымал «Amozon» компаниясының негізін қалаушы. Санақ бойынша аталған компанияның акциялары 2,3 пайызға артып, кірісі 2 млрд АҚШ долларына көбейген. Бұл көрсеткіш бойынша Жефф Безос Билл Гейтстің компаниясынан 1,4 млрд долларға көп активтілік танытқан. Бұл туралы алғашқы ақпарат «Forbes» басылымының порталында жария болған.
Билл Гейтс өзінің «Ең бай адам» рейтингісіндегі көшбасшылығын өткен жылдан бастап жоғалтқан еді. Өткен жылдың қортындысы бойынша «Zara»-ның негізін қалаушы Амансио Ортега көш басында тұрды.
«Forbes» басылымы 1987 жылдан бері «Ең бай адам» рейтингін шығарғаннан бері қарай, «Amozon» компаниясынан 7 бірдей лидер шыққан екен. «Amozon» компаниясы әлемдегі ең үлкен онлайн сауда-саттық желісі болып саналады. Ол АҚШ, Еуропа, Қытай, Үндістан, Канада, Жапония қатарлы ірі елдермен өңірлерде іс жүргізеді.
Дегенмен конкурсты ұйымдастырушылар: «Егер, Билл Гейтс қайрымдылық шараларына қыруар қаржы бөлмеген болса, «Ең бай адам» тізімі ешқашан жаңармас еді», – деген пікірде.