Манхэттенде бір федералдық қазылар алқасы кеше, 27 шілде күні бекіткен қарарында, Макаон миллиардері У Лишыңды БҰҰ-ның Кариб елдерінде тұратын өкілдеріне пара берді деп айыптады. Бұл істен кейін Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қытайлық іскер тұлғалардың менмендігі әлем назарын өзіне аударды. Айталық, бұл іс БҰҰ тұлғалары арасындағы сыбайлас жемқорлықтың тереңдеп кеткенін көрсетті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Қазылар алқасы бір тәулікке таяу уақыт пікірталастан кейін осы шешімді шығарды. 2015 жылы прокуратура парақорлық және ақша жылыстату күдігімен алты адамға айып тақты. Олардың арасында Қытайлық ірі бизнесмендер мен сол елде тұратын БҰҰ өкілетті тұлғалары және БҰҰ-ға қарасты коммерциялық емес ұйымдардың адамдары да бар еді.
Ал, 69 жастағы У Лишиң бұл реткі қазылар шешіміндегі бірден бір айыпталушы болып табылды. Сыбайлас жемқорлық бойынша өзге айыпталушылар осыған дейін кінәсін мойындаған немесе өмірден озған. У Лишиң үстінен жеті бірлей айып тағылып отыр. Айталық, парақорлық, ақшаны жылыстату, өзге елдердің заңын бұзу және салықтан жалтару қатарлы айыптар да бар.
Федералдық сот оған 65 жылдық қамақ жазасы беруі мүмкін екен. Қазірге оның жүріп тұруы уақытша шектелген. Рұхсатсыз Манхэттендегі пәтерінен шығуына тиым салынған. Ол және $ 50 млн кепілгерлік ақшасын тапсыруға тиіс. Оған жоғарыдағы айыптардың күдігі ілінген соңғы екі жылда үй қамақта ұсталған.
Макаолық қалталының жеке адвокаты бұл іс туралы журналистер сұрағынан жалтарды. У Лишиың ҚХР саяси кеңесінің мүшесі болып саналады. Ал, АҚШ-тағы Қытайдың бас елшілігі де бұл іс туралы сұрауларға жауап беруден бас тартқан. БҰҰ-ның тергеуді бақылаушы өкілдері де журналистерден жалтарды.