АҚШ қорғаныс тараулары мен Австралия жақ бірнеше күн бұрын АҚШ-тың әлемдегі ең қарқынды баллистикалық зымыранды сынақтан өткізгені туралы растады. Бұл құпия сынақ сериясы болып, АҚШ қорғаныс күштерінің дыбыстан жылдам ұшатын қанатты зымыраны сәтті сынақтан өткізілген. Зымыранның сағаттық қарқыны 12 мың шақырымнан асады. Бұл туралы қытайлық «Шинлаң» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлайды.
Сарапшылардың айтуынша, бұл зымыранның жылдамдығынан алып қарағанда, қазір әлемдегі кез-келген зымыранға қарсы жүйе оны ұстап қала алмайды. Сонымен қатар бұл реткі тест «Халықаралық дыбыстан жылдам ұшатын зымыранды зерттеу экспериментінің» (HiFire) бір бөлегі болып табылады. Қазір әлемде жылдамдығы 5 Mach-тан жоғары қарқындағы зымырандар сынақтан өткізілуде. АҚШ сынақтан өткізген бұл қарқынды зымыран 8 Mach жылдамдықты көрсетті.
2006 жылдың 10 қарашасынан бастап, АҚШ пен Австралия дыбыстан жылдам ұшатын зымырандарды бірлесіп зерттеу жобасын бастады. Бұл жоба дыбыстан тез зымыран технологияларын дамыту және зерттеуге бағытталған. Айталық, дыбыстан жылдам зымырандардың аэродинамикасы, температураға төзімділігі, нысана дәлдігі және алыстан меңгеру қатарлы құрылымдарын зерттеген. АҚШ мұндай қарқынды зымырандарды нақты соғыс жағдайына пайдалануға бағыттай отырып дамытқан. Сарапшылардың қарауынша 2025 жылға барғанда АҚШ дыбыстан жылдам зымырандарды Жердің кез-келген нүктесіне жеткізуге қабілетті болады деп отыр.