Монғолияда өтіп жатқан президент сайлауының екінші кезеңіне қатысты алдын ала мәліметтер ұсынылды.
«Монголия Сейчас» порталының жазуынша, 7 шілде күнгі жергілікті уақыт бойынша 23:40-та Демократиялық партия кандидаты Халтмаагийн Баттулга 580 дауыс жинаған, ал Халық партиясының кандидаты Миеэгомбын Энхболд 468 мың дауысқа ие болған.
Демократиялық партия өкілін көбіне Ұлан-Батор тұрғындары қолдап отыр, ал ауылды жерлерде дауыс саны бойынша екі кандидат та тепе-тең келеді. Осылайша Халтмаагийн Баттулга дауысы басым болып тұр.
Айта кетейік, Монғолия тарихында Президент сайлауы бірінші рет екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші турда ешбір кандидиат 50 пайыздан аса дауыс жинай алмаған.
Сайлаудың екінші турына 38 пайыз дауыс жинаған Монғолия демократиялық партиясының атынан қатысқан Халтмаагийн Баттулга мен Монғолия халықтық партиясының көш басшысы Миеэгомбын Энхболда өткен болатын. Енді Монғолия халқы осы екі үміткер арасында өздерінің бесінші президенттерін таңдайтын болады.