Израильдегі Шабуылдан соң жүргізілген тексеруде 9 адам тергеуге алынды.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Шығыс Иерусалимнің оңтүстігіндегі еврей тұрғын аймағы маңында полицияның үстіне жүк көлігін айдаған жүргізушінің террор ұйымы ДАИШ-пен байланысты екенін жариялады.

Израиль полициясы да шабуылдаушының  28 жасар және Джебел Мукаббердің тұрғыны екенін мәлімдеді.

Шабуылдың артынан жасалған операцияларда 9 адам тергеуге алынды.

Израиль парламенті (Knesset), Шығыс Иерусалимде 4 Израиль әскерінің өлімі мен 15 адамның жарақат алуына себеп болған шабуылдың артынан бір қатар жазалаушы шешім қабылдады.

Палестина медиасы шабуылдың күдіктісінің Фади әл-Канбер екенін жариялаған болатын.

"The Qazaq Times"