Иран телеарнасы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының көш басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидің өлгенін дәлелдейтін суреттер жариялады.

Иранның IRIB телеарнасы сайтында Абу Бакр әл-Бағдадидің өлгендігі бейнеленген суреттер жарияланды.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі Сүрияда «Ислам мемлекеті» содырларын бомбылау кезінде әл-Бағдадидің көз жұмғандығын мәлімдеген болатын. Ал Пентагон Ресейдің бұл мәлімдемесін растамаған.

“The Qazaq Times”