АҚШ үкіметі бүгін хабарлама жариялап, Қытайдың «Дандоң» (Bank of Dandong) атты банкі Солтүстік Кореяның қару-жарақ компанияларын қаржылық жақтан қолдағанын айыптады. Сонымен бірге аталған банкті АҚШ қаржы жүйесінен ажыратып тастауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
АҚШ Қазына департаментінің ресми хатшысы Стивен Мнучин мәлімдемесінде Ақүйдің жаңа санкциялар жариялағанын атап өтті. АҚШ үкіметі Солтүстік Кореяның қару-жарақ компанияларына қатысты барлық банктер мен кәсіпорындарға санкцияны тұрақты сақтап отырмақ.
Қытай жағы АҚШ-тың бір жақты санкциясына наразылығын білдірді. Бұл санкциядан кейін Dandong банктерінің АҚШ-тағы және сол елдің қаржы жүйесіне байланысты өзге елдердегі компаниялармен жұмысы тікелей немесе жанамалай тоқтатылмақ. Журналистердің ішкерілей сұраған сұрақтарына АҚШ Қаржы департаменті жауап бермеген. Қатысты адамдардың берген мәліметіне сүйенсек, санкция тізімінде екі Қытай азаматы және қытайлық екі кеме жасаушы компания да бар.
Соңғы кезде АҚШ үкіметі мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа сызаттар түсуде. АҚШ-тың қысымы артқан сайын Қытай Солтүстік Кореяны жақтап шығу мүмкіндігі күшейе түспек.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы