Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев журналистер күнінде БАҚ өкілдерін қоғамдағы өзекті мәселелерді айтуға шықырды.
Бүгін журналистер күні қарсаңында Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев Өзбекстандық БАҚ өкілдеріне қорықпай қоғамдағы бюрократия, қаржы бопсалау, жемқорлық сынды дүниелерді жазуға, айтуға, жарыққа шығаруға шақырды.
Мирзиеевтің сөзінше, қазіргі уақытта Өзбекстанда билік халықпен диалогқа келу үшін түрлі қадамдар жасап жатыр. Осы тұста бұқаралық ақпарат құралдары халық пен билік арасындағы алтын көпір болуы тиіс екен.
Осыған байланысты Шавхат Мирзиеев алдағы уақытта БАҚ өкілдерінің рөлін арттыру үшін заң жүзінде, материалды-техникалық және оқу-методикалық тұрғыдан барлық жағдайлар жасамақ.
Айта кететін бір жайт Ислам Кәрімовтың кезінде Өзбекстан 27 жыл бойы тәуелсіз баспасөзсіз, сөз бостандығынсыз болып келген болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы