Монғолиядағы президент сайлауында оппозициялық партия өкілі алда келеді.
Кеше Монғолияда президент сайлауы болып өтті. Сайлауға ел халқының 66,5 пайызы қатысқан. Әзірге сайлауға қатысқан үш кандидаттың ішінде көш басында Демократиялық партия өкілі Халтмаагийн Баттулга келе жатыр.
Бірақ сайлауға қатысқан үш үміткерде тиісті 50 пайыз дауыс жинай алмаған. Сол себепті алдағы екі апта ішінде сайлаудың екінші туры өтуі тиіс.
Халтмаагийн Баттулгамен бірге екінші айналымға кім шығатыны әзірге белгісіз. Ол қазір билік басында отырған Монғолия халықтық партиясының өкілі Миеэгомбын Энхболд немесе Монғолия халықтық-революциялық партиясының өкілі Сайнхуугийн Ганбаатар болуы мүмкін.
Естеріңізге салайық маусымның 26 күні Монғолия халқы өз тарихында жетінші рет президент сайлауын өткізген болатын. Сайлау кезінде ел аумағында 1983 сайлау бөлімшелері таңғы сағат 7:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін жұмыс жасаған. Сайлау комиссиясының жұмысын әлемнің 37 елінен келген 123 бақылаушы қадағалаған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы