Ауғанстанның Фараһ өңіріне қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді деген желеумен америкалық 200 солдат орналастырылғанын, parstoday хабарлайды
Ауғанстанда орналасқан НАТО күштерінің баспасөз бюросы осы күштерді, Фараһ өңіріне орналастырудың мақсатын қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Ауғанстандағы әскери және қауіпсіздік күштеріне көмектесу деп атады. Америкалық басшылар келесі жылдың көктеміне дейін АҚШ теңіз армиясы күшінің 300 сарбазының да Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гилманд өңіріне орналастырылатыны хабарлады. Қазіргі кезде Ауғанстанда 9 мың 800-ге жуық америкалық әскери бар.
Дей тұрғанмен, Америкадағы соңғы саяси шешімдерге байланысты бұл жағдай өзгеруі де мүмкін.
"The Qazaq Times"