2017 жылдың 1 тоқсанында микроқаржы ұйымдары арқылы 92,9 млрд теңгені құрайтын 123,6 мың қарыз берілген. Бұл туралы статистика комитеті хабарлап отыр.

Жалпы берілген қарыздардың ішінде 48,7% (45,2 млрд теңге) ұзақ мерзімді кредит болса, 51,3%-ы (47,6 млрд теңге) - қысқамерзімді.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, 2017 жылдың 1 тоқсанында микрокредит беру қызметімен 1,1 мың ұйым айналысқан.

Жеке тұлғаларға 48,2 млрд теңге шамасында қарыз берілсе, оның  42,9%-ы тұтынушылық мақсатта, ал 57,1%-ы кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалған.

Сондай-ақ, заңды тұлғалар да кредит алмай қалған жоқ. Олар 44,7 млрд теңге көлемінде қарыз алып, оның 2,4%-ы негізгі қаражатты алу үшін жұмсалған.

Ең көп қарыз алған өңірлер әдеттегідей Алматы (республикалық бюджеттің 46,2%-ы) мен Астана (23,0%).

 “The Qazaq Times”