Кеше, Германияның Мюнхен қаласында Азаттық радиосы қазақ қызметінің бұрынғы журналисті Нұркамал Пінәр 59 жасында өмірден озды. Бұл туралы «Еуропа қазақтары қауымдастығының» төрағасы Қайым Кесижи әлеуметтік желі парақшасында хабар айтты.
Нұркамал – кезінде Азаттық радиосы қазақ редакциясын ұзақ уақыт басқарған, азаттыққа үн жаршы болған танымал журналист, қайраткер тұлға Хасан Оралтайдың үлкен қызы. «Нұркамал Пінәр "Азат Еуропа/Азаттық" радиокорпорациясының орталық кеңсесі Прага қаласына қоныс аударған 1995 жылға дейін Азаттық радиосының Қазақ қызметінде еңбек еткен» дейді Азаттық сайтында жарияланған қаза хабарында.
Марқұмның сүйегі өзі туып-өскен Түркияда жерленеді.
"The Qazaq Times"