Катар әмірі Сауд Арабиясы королі мен оның жаңа тақ мұрагер ханзадасына жеделхат жолдап, жаңа тақ мұрагерін құттықтады.

Катардың ресми ақпарат агенттігі QNA-дың хабарында, Катар әмірі Шейх Тәмім ибн-Хамад әл-Сани Сауд Арабиясы королі Селман ибн-Абдулазиз бен оның жаңа тақ мұрагері Мұхаммед ибн-Селманға арнаулы хат жолдаған. Хатта жаңа тақ мұрагері Мұхаммедтің жаңа міндетін құттықтап, Сауд Арабиясы короліне зор денсаулық тілегені айтылған. Сондай-ақ, Сауд Арабиясы халқының өркендеп өсе беруін тілеген лебіздері де бар.

Катар әмірі әл-Сани бауырлас елдер арасындағы бауырмалдық қатынастарының арта түсуін үміт ететінін өзінің хатында арнаулы атап өткен. Мұрагер ханзада Мұхаммед әл-Селманның аладағы жұмыстарына табыстар тілеген. Араб елдері мен Шығанақ елдері ақпарат құралдарында бұл хаттың араб елдері арасындағы шиеленістің шешім табуына үлкен септігі тиеді деп күтуде.

“The Qazaq Times”