Украина президенті АҚШ-қа сапарлай барып, Ақүйде Трамппен кездескен күні АҚШ Қазына департаменті Украина дауына қатысты көптеген тарапты санкция тізіміне кіргізетінін айтты. Департаменттің мәліметінше, жаңа санкция осыған дейінгі санкциялардың қолданысын арттыруға бағытталған. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Осы аптаның басында Еуроодақ Ресейге салынған санкцияны бір жылға ұзартуға келіскен болатын. Сейсенбі күні санкцияны Украинадағы сепаратистері де қамтитыны мәлім болды. Айталық, негізгі тұлғалар мен оның жақтастарына қаратылған. Оның ішінде Қырымдағы кейбір жеке тұлға бизнес өкілдері, банктер мен өзге де ұйымдар бар. Бұл Ресейдің осы өңірдегі қару-жарақ өнеркәсібі мен бірнеше қару-жарақ сауда компанияларына бағытталып отырғаны анық. Санкцияның негізінде кейбір компаниялардың активтері мұздатылатындығын АҚШ Қазына департаменті растап отыр.
Дүйсенбі күні Украина президенті Ақүйге сапарлай барды. Оған Трамп үкіметі Ресейге бағытталған санкцияларды сақтап тұруға уәде берді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі