Геннадий Головкин Саул Альвареспен кездесуден кейін спорттық карьеррасын аяқтауы мүмкін.
«Осы кездесуден кейін мен спорттық карьерамды аяқтауым мүмкін. Бірақ аяқтамауымда мүмкін. Себебі қазір мен өзімді өте жақсы сезініп жүрмін. Иә қазір менің жасым 35-те бірақ, мен өзімді 25 жастағы адамдай сезінемін. Бірақ бұл бокс, футбол емес. Бұл ойын емес, бұл шайқас әр кездесу өзінше қиын.» - деді Головкин журналистерге берген сұхбатында.
Естеріңізге салайық Геннадий Головкин мен Саул Альварес кездесуі Астана уақыты бойынша 17 қыркүйек күні таңғы сағат тоғызда болады.