ЕО шенеуніктерінің айтуынша, Еуропалық Одақ қазіргі кезде Қытай мен Солтүстік Корея арасында консультациялар жүргізіп отыр. Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламалардан бас тартуы мәселесінде ара ағайын ретінде Қытайдың маңызы жоғарыламақ. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
ЕО-дағы талқы барысында, Оңтүстік Корея, Қытай және Еуроодақ тарабы "бір ғана санкцияны күшейту Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламадан бас тартуына көндіре алмайды" деп айтып алаңдаушылық білдіруде. Ең бастысы әскери әрекеттерді болдырмас үшін келіссөздер жүргізу керек деп тапқан.
Осы аптада Солтүстік Кореяда тұтқындалып, бір жылдан кейін еліне қайтарылған америкалық студент үлкен миының қатты зақымдалуы себепті көз жұмды. Бұл америкалықтардың Солтүстік Кореяға деген наразылығын тағы өршітті. Соған байланысты АҚШ үкіметінің Солтүстік Кореяға қысым көрсету бекімі арта түсті.
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында Қытай мен Қытай басшысына қанша рет мақтау айтса да, Қытай жағы АҚШ-тың ойлаған жерінен шыға алған жоқ. Сейсенбі күні Трамп «Мен Қытай үкіметі мен басшысы Ши Жинпиңның Солтүстік Корея мәселесін шешуге көмектесіп, бар күшін салып келгеніне айрықша алғыс айтамын. Дегенмен бұл құлшыныс айтарлықтай жеміс бермеді. Қытай Солтүстік Кореяны шектей алмай келеді, бұл АҚШ-тың сыртқы саясатына жаңа бағыт алып келетін болады», – деді.
Жоғары лауазымдылардың сөзіне қарағанда, соңғы кездері Брюссель мен Бейжің арасында бірқатар кездесулер сериясы өтті. Бұл кездесулер алдағы уақыттағы Солтүстік Кореямен болатын келіссөзіне қатысушы тараптардың шешіміне ықпал ете алады. ЕО-ға мүше елдер КХДР-мен дипломатиялық қарым-қатынастарды қолдайды. Сондай-ақ, алдағы келіссөзге 2015 жылғы Иранмен жүргізілген келіссөз тәжрибесі қолданылады деп отыр.